{metadescription}
Алматыда әйелге шабуыл жасап, тонын ұрлап кетті

Алматыда әйелге шабуыл жасап, тонын ұрлап кетті

Алматыда ер адамдар әйелді буындырып, үстіндегі құндыз тоны мен сөмкесін алып кетті.

Қылмыстың барысы тұрғын үйдің кіреберісіне орнатылған видеокамералардың біріне түсіп қалған. Полицияның мәліметінше, 35 жастағы әйелге 15 қаңтарға қараған түні шабуыл жасалған. Осы дерекке қатысты Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. 

Видеода әйел адам үйлердің арасымен келе жатқаны көрінеді. Артынан ер адам ілеседі. Кейін ол әйелді буындырған күйі көзден таса жерге сүйреп әкеліп, жерге жатқызады. Оның есінен таңғанына көз жеткізген соң қолын босатып, үстіндегі тонын шеше бастайды. Қылмыскердің сыбайласы болса, әйелге шабуыл жасалған жерде қалып қойған сөмкені алып келеді. Қалалық полиция оқиғаға байланысты түсінік берді.

«Қылмыскерлер анықталады және лайықты жазасын алады. Сонымен қатар, шабуыл салдарынан жәбірленуші зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінуден бас тартқан: оның өміріне және денсулығына еш қауіп», - деді Полиция департаментінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде