Науқас әйел өзінің кесілген аяғынан сөмке жасап беруді сұраған
Ұлыбритания тұрғыны өзінің терісінен сөмке жасап беретін сәнгерді іздестіруде.
17:15 21.02.2019
Ол сөмкені өзінің кесілген аяғынығң терісінен жасамақ. Джоан есімді 55 жастағы әйел эндартериит аатлатын қан тамырлар ауруының ауыр түріне шалдыққан. Сондықтан жақында дәрігерлерге оның бір аяғын кесуге тура келеді. Өз сөзінде әйел өзінің аяғының жойылатыны туралы ойжан жиіркенетінін айтады. Сондықтан аяғымның тағдырын өзім шешсем, дейді ол.
Артынша әйел сөмке тігіп беретін тігінші іздестіре бастаған. Ол мұндай сөмке үшін 3 мың фунт стерлинг (1 млн 400 мың теңгеден аса) төлеуге дайын екенін айтты.
«Бұл біртүрлі, тіпті жиіркенішті болып көрінетінін білемін. Бәлкім, біреулер мені есінен адасқан деп ойлар. Алайда бұл менің аяғым және оның бір жерде шіріп жатуына жол бере алмаймын. Бұл менің бір бөлігім, оны сақтап қойғым келеді», – дейді Джоан.
Әйел тапсырып қалдырған сайттың өкілдері онымен сөйлесіп көрген. Айтуыларынша, әйелдің сөзі ақылға қонымды және бұл оның жеке басына қатысты мәселе.
«Мұның жиіркенішті екенін білемін. Алайда адамдар балаларының кіндігін сақтап, туыстарының мәйітінің күлін көпшіліктің алдына қойып жатады ғой. Сондықтан, ойланып қарасаңыздар, менің қалауым соншалықты біртүрлі емес», – дейді 55 жастағы әйел.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!