Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам ажал құшты
Жамбыл облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына куә болған азаматтардың хабарласуын сұрайды.
19:50 21.02.2019
«20 ақпанда 7.45-те Тараз-Мырзатай тасжолында, Байзақ ауданы Көктал ауылынан бір шақырым қашықтықта жол-көлік оқиғасы болды. «Nissan Maxima» көлігінің жүргізушісі Тараздан Мырзатай ауылына қарай бара жатып, рульді басқара алмай, қарсы жолақтағы көлікпен - «Audi-80» маркалы автомобильмен соқтығысты», - деді полицияның баспасөз қызметі.
Соқтығысу салдарынан «Nissan Maxima» автокөлігі өртке оранған. «Audi-80» жүргізушісі мен үш жолаушы сол жерде қаза тапты. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!