Көрнекті тілші-ғалым Әбдуәли Қайдар қайтыс болды
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар 95 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
10:07 27.02.2019
Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген.
Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі, Филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті.
«Ана тілінің абызы, академик Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы өмірден озды. Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз, ана тілдің маршалы!» – деп жазды Мейрамбек Таубалдиев Facebook желісінде.
1941– 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагер майдангер. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниституты)ның филология факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында асперантурасын бітірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары