Индонезиядағы көшкін: 60-тан астам адам үйінді астында қалды
Заңсыз алтын өндіріп жатқан кеніш опырылып, бір адам қаза тауып, тағы 60-тан астамы үйінді астында қалған.
10:43 27.02.2019
Сәрсенбіде Индонезияның Сулавеси аралындағы заңсыз алтын өндіріп жатқан кеніш опырылып, бір адам қаза тауып, тағы 60-тан астамы үйінді астында қалған. Табиғи апаттардың салдарын жою ұлттық агенттігінің ресми өкілі Сутопо Нугрохоның айтуынша, қайғылы оқиға Солтүстік Сулавеси провинциясының Болаанг-Монгондоу округінде орналасқан кеніште болған.
Көшкін салдарынан алтын өндіретін кеніштің төбесін ұстап тұратын құрылымдар қираған. Кем дегенде бір адам қаза тапқан. Құтқарушылар әзірге үйінді астында қалған адамдардың 13-ін шығарды.
Еске сала кетейік, Канаданың шығысындағы Онтарио провинциясының Барри қаласына жақын автокөлік жолдарының бірінде 100-ге жуық автокөлік соқтығысты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!