Қазақстанда төрт ЖОО сатылымға шығарылды
Аукцион 2019 жылы 7 наурызда өтеді.
14:06 27.02.2019
Бұл күні ағылшын тәсілімен, яғни бағаның жоғарылауымен бәссауда өтеді. Республика меншігінен сатылымға қойылғандар ішінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті бар.
«Барлық нысанның 35 пайыз үлесі сатылады. Тек Алматы энергетика және байланыс университетінің 33,65 пайызы сатылымға қойылды. Бұл нысандардың бастапқы бағасы әртүрлі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бағасы 1 711 278 931,00 теңгеден басталады, кепілді жарна - 75 750 000,00 теңге», - деді ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Сатылымға қатысу өтінімі 7 наурызда таңғы 8:00-ге дейін қабылданады. О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің саудасы 336 396 978,00 теңгемен шығарылып жатыр. Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының бастапқы бағасы - 2 522 061 695,00 теңге, Алматы энергетика және байланыс университеті - 1 401 617 089,00 теңгеге бағаланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары