Аралас жекпе-жек шебері атыс кезінде қаза тапты
Ресейлік файтер Ахмед Гасанов атыс кезінде оққа ұшып, мерт болды.
16:57 27.02.2019
23 ақпан күні Ивановский облысындағы Тейково қаласындағы кәуәпханалардың бірінде 30 жастағы файтер мен белгісіз біреу арасында қақтығыс орын алған. Жаппай қақтығысқа ұласқан төбелесте қарсыластың бірі тапаншаны алып, Гасановқа оқ жаудырған. Басынан, кеудесінен және қолынан жарақат алған аралас жекпе-жек шебері оқиға орнында қаза тапты.
«Біздің команданың экс файтері қаза тапты. Айтқымыз келгені артын біліп болмайтын оқиғаларға қатысудан аулақ болыңыздар дегіміз келеді. Абай болып жүріңіз, сізді отбасыңыз және достарыңыз күтеді. Төбелескілеріңіз келсе, рингке шығыңыздар», — дейді Гасанов айналысқан клубтың басшылығы.
Дереккөз: Prosports.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары