Пойыз апатқа ұшырап, 28 адам ажал құшты
Каир қаласының орталығындағы Рамсис станциясына кіре берісте пойыз өртенді.
18:40 27.02.2019
Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз тағы бір пойызбен немесе платформамен соқтығысып, артынша өртенген. Қазіргі уақытта Каирдегі басты теміржол вокзалының ғимаратында эвакуация жүргізілді. Бекеттегі поездардың жүрісі тоқтатылған.
Өрттен шамамен 28 адамның қаза тауып, 50 адам зардап шеккен болуы мүмкін екенін хабарлады. Адамдардың көпшілігі иістен уланған және дүрліккен жұрт вокзал платформасынан шыға алмай қалған. Египет бас прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу бастағанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!