Оралда өрттен ер адам көз жұмды
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Меловые горки кентіндегі «Стеновик» саяжай қоғамында болды.
21:00 27.02.2019
Бүгін түнгі 01.21-де Клубничная көшесі, 19 мекенжайында саяжай үйінің отқа оранғаны жөнінде хабар түскен. Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыған. Оқиға орнынан ер адамның мүрдесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қаза тапқан адамның кім екендігі, өрттің шығу себебі, кінәлілер анықталу үстінде.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 11 адам, 2 техника жұмылдырылып, сағат 02.51-де өрттің беті қайтып, 04.12-де сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша табиғи газдың шығуынан газ ауа қоспасы жарылған. Соның салдарынан үйдің бір қабырғасы құлаған. Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық оқушы тұрғын үйдегі өрт кезінде қырағылық танытып, екі адамды алып шыққан болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!