Алексей Полтаранин Австрияда қамауға алынды
Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзды деген айыппен қамауға алды.
10:33 28.02.2019
Жүргізілген рейд нәтижесі Австрияның федералдық қылмыстық полиция басқармасының веб-сайтында жарияланды. Билік өкілдерінің айтуынша, Германия мен Австрияның құқық қорғау органдарының бірлескен рейдінде 9 адам, оның ішінде Австрия, Эстония және Қазақстан спортшылары ұсталды. Зерттеу барысында дәрігер Марк С. негізін қалыптастырған Эрфурттағы қылмыстық құрылым бірнеше жылдан бері спортшыларға заңсыз есірткі жеткізгені анықталып,тергеуге алынды.
Сәрсенбіде, 27 ақпанда, Австрияның Зеевельд қаласында әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Полтаранин ерлер арасында 15 шақырымдық классикалық жүріс бойынша алтын медальға таласуы керек еді. Алайда қазақстандық спортшы жарысқа қатыспады. Бейресми мәлімет бойынша, бұл жағдай қамауға алу шарасына байланысты болса керек. Австрияда допинг қолдану - қылмыстық іс.
Алексей Полторанин - 2013 жылы өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарында төрт алтын медальдің иегері. Спортшы үш қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғады - 2006 жылы Туринде, 2010 жылы Ванкуверде және 2014 жылы Сочиде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!