Қарағанды облысы әкімінің экс-орынбасары қамауға алынды
Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бөлінген 36 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
17:06 28.02.2019
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мәлім етті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ол облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының лауазымды тұлғаларымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында облыстың мүмкіндігі шектеулі адамдарын арнайы қатынас көліктерімен қамтамасыз етуге бөлінген 36 млн теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр», - деді Агенттікте өткен баспасөз мәслихатында Арман Бердалин.
Арман Бердалиннің айтуынша, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары техникалық сипаттама талаптарына сәйкес келмейтін, әрі қымбат бағада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кресло-арбаларды жеткізумен айналысқан.
Сот санкциясымен күдіктіге және оның үш сыбайласына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары