{metadescription}
Данияр Ақышев жаңа қызметке тағайындалды

Данияр Ақышев жаңа қызметке тағайындалды

Данияр Ақышев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда  хабарлайды.

"Ақышев Данияр Талғатұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген Президенттің жарлығында.

Еске салайық, 25 ақпанда Ұлттық банк төрағасы қызметінен Данияр Ақышев отставкаға кеткен болатын. Оның орнына Ерболат Досаев келген еді.

Данияр Ақышев 1976 жылы туған. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы - экономист. 2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Содан кейін Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. 2015 жылғы 24 тамыздан бастап ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды. Ұлттық банк төрағасы қызметінде 2015 жылы 2 қарашадан бастап жұмыс істеді. Оған дейін бұл қызметті Қайрат Келімбетов атқарды.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.