{metadescription}
Астанада тұрғын үй кешенінде өрт болып, 5 адам ауруханаға түсті

Астанада тұрғын үй кешенінде өрт болып, 5 адам ауруханаға түсті

Астананың Есіл ауданы, «Камал-4» тұрғын үй кешенінде болған өрттен кейін он бір адам медициналық көмекке жүгінген.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді. 28 қаңтар күні 22:18-де Астананың Бұқар жырау көшесінде орналасқан «Камал-4» тұрғын үй кешенінің үшінші қабатынан өрт шыққан.

Тұрмыстық заттар мен балкон өртеніп, жалын 15 шаршы метр ауданды шарпыған. Өрт 22:46-да ауыздықталып, 22:58-де толықтай сөндірілді. Тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерге өздері шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде