Дархан Қалетаев жаңа қызметке тағайындалды
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің ұжымына жаңа басшы Дархан Кәлетаевты таныстырды.
11:15 01.03.2019
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен келісілген түрде, ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Аманұлы Кәлетаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Дархан Калетаев 1972 жылы 10 қазанда туған, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Қазақстан президенті әкімшілігінің, білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген.
- 2007–2008 жылдары — президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
- 2008–2009 жылдары — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары;
- 2009–2016 жылдары – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры;
- 2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болды.
- 2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!