Полицейлер жаңа форма кимейтін болды
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сақшыларға жаңа форма кигізу неге кейінге қалдырылғанын түсіндірді.
11:47 01.03.2019
Министрдің айтуынша, қызметтік киімді жаңартпас бұрын аттестацияны өткізіп алу керек.
"Форманы кейінге қалдырдық. Біздің бірінші міндет – аттестацияны өткізу. Содан кейін – қысқарту есебінен жалақыны көтеру. Тек осыдан кейін ғана форма мәселесіне ораламыз. Киімнен бұрын, қызметкерлердің құрамы маңызды", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.
Ол полицейлердің аттестациясы екі айдан кейін өткізілетінін атап өтті. Айта кетсек, қазақстандық полицияға жаңа форма кигізу бастамасын экс-министр Қалмұханбет Қасымов көтерген еді. Соңғы рет тәртіп сақшыларының қызметтік киімі 2005 жылы өзгерген. Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып осы жылдың ақпанында тағайындалды. Бұған дейін ол ІІМ басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!