Геннадий Головкин WBA рейтингінде көш бастады
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты бойынша боксшылардың жаңа рейтингін жариялады.
12:54 01.03.2019
Жаңа рейтингтегі қазақстандық боксшылардың орны:
Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы 15-орнын сақтап қалды. Осы санаттың үздіктер үштігін британиялық Джон Райдер, ресейлік Федор Чудинов және тағы бір британиялық боксшы Кіші Крис Юбэнк түйіндеп отыр.
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2-орыннан 1-орынға көтерілді, одан кейінгі орындарда поляк спортшысы Камил Шеремета мен америкалық Брэндон Адамс тұр. Ал қазіргі «суперчемпион» мексикалық Сауль «Канело» Альварес болса, «қарапайым» чемпион - АҚШ өкілі Роб Брант.
Бірінші орта салмақ санатында Нұрсұлтан Жаңабаев 15-сатыда қалды. Осы топты британиялық Келл Брук бастап тұр. Екінші орында - кубалық Эрисланди Лара, ал үшінші - америкалық Джермелл Чарло.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!