Еуропалық саясаткер «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқыды
«Тұлпар мініп, ту алған» жобасы елден бөлек, шет елде де қолдауға ие болып келе жатыр.
15:42 01.03.2019
Бұл жолы Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқып, ұлттық жобаға үн қосты. Ол эстафетаны белгілі қазақстандық журналист Жанат Эрнсттен алып, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкоға жолдады.
Айта кетсек, «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқу бойынша челленджге Қазақстанның танымал тұлғалары қатысуда. Бұған дейін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқыған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!