БҚО-да ауа райына байланысты жолдар жабылды
Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына орай жолдар жабылды.
18:13 01.03.2019
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бірқатар жерлелде бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен. Осыған байланысты республикалық маңызы бар Переметный - РФ шекарасы, Қазталов - Жәнібек - РФ шекарасы жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Сонымен қатар Тасқала - Аққурай - Болашақ және басқа облыстық жолдар да жабылып жатыр.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша қолайсыз ауа райы ертең де сақталады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Орал қаласында да жаяу бұрқасын жүріп, тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 17 метрге дейін күшейеді.
«Қазіргі кезде тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп, ескертілуде», деп хабарлады ТЖ департаментінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!