Балық аулап жүрген ер адам көзі жоқ, аузы үлкен біртүрлі жаратылысты тауып алды
Аустралия тұрғыны Ти Хокин Какаду ұлттық саябағының маңындағы өзеннен балық аулап жүріп, «Бөгде» фильміндегі өзгеғаламшарлыққа ұқсайтын біртүрлі жаратылысты тауып алғанын айтады.
01:59 02.03.2019
Оның сөзінше, ұзындығы 15 сантиметр болатын балықтың денесі жыланға ұқсайды. Сонымен қатар оның аузы үлкен әрі тісі көп. Алайда көзі жоқ екен.
«Оның басы мен денесі ерекше. Жыланбалықтыкіне ұқсайды. Ол тірі сияқты көрінбеді. Жыбырлап, қозғалған жоқ», - дейді Ти Хокин.
Ихтиолог Морган Гранттың топшылауынша, Хокин Amblyopinae тұқымдастарға жататын жыртқыш балықты ұстап алған. Оның өкілдері Тынық және Үнді мұхиттарының жағалау суларында, өзен сағаларында тіршілік етеді. Бірнеше түрі Аустралия жағалауларында кездеседі.
«Олардың көзі толық дамымаған, сондықтан терімен жабылған. Осы себепті олар лайлы суларда тіршілік етеді. Шабуыл кезінде олар көзіне емес, сезім түйсігіне сенеді», - дейді маман.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!