Бір ауылда 30 үй мен ғимарат жанып кетті
30-ға жуық үй мен қора өртеніп кетті, ешкім зардап шеккен жоқ.
12:35 02.03.2019
«00:45-тегі (Мәскеу уақытымен) жағдай бойынша 17 тұрғын үй, 14 қора жанып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Малды да қорадан шығарып үлгердік», - деді республика басшысы Васильев.
Қазіргі таңда өртті сөндіруге 1,5 мың адам жұмылдырылған, ешкім зардап шеккен жоқ. Ауыл басшысы Сайгидгусен Магомедов 25-ке жуық үй мен ғимарат өртенгенін хабарлады. Басшысының айтуынша, су жеткізу жағынан қиындықтар бар және өртті сөндіруге жел мен ауылдың орналасқан жері де кедергі келтіріп отыр. Бірақ жағдай бақылауға алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!