Ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соқтығысты: ұшқыш қаза тапты
Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласында жеңіл моторлы ұшақ жұма күні көпқабатты тұрғын үйге соғылды.
13:39 02.03.2019
Деректер бойынша, оқиға жергілікті уақытпен 11.55-те болды. Ұшақ 18 қабатты тұрғын үйге соғылған. Кейін, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бассейні бар террасаға құлаған.
Өрт-құтқару қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқиға салдарынан ұшқыш көз жұмған. Басылымның жазуынша, ұшақ ғимараттың 16 және 17-қабаттарының ортасына соғылған. 100-ге жуық тұрғын эвакуацияланды, ешкім зардап шекпеген. Пилоттың аты-жөні әзірше анықталған жоқ. Тергеу жұмыстарымен қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес айналысып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!