{metadescription}
Алматы облысында бүтін бір отбасы уланып қалды: біреуі қаза тапқан

Алматы облысында бүтін бір отбасы уланып қалды: біреуі қаза тапқан

Алты тұрғын ауруханаға жеткізілген, арасында 1 жастағы нәресте мен 6 жастағы бала бар.

Алматы облысында бір отбасында 7 адам иіс газынан уланып, 57 жастағы ер адам көз жұмды.

«2 наурыз күні Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы жер үйде пештің дұрыс жанбауынан 7 адамға иіс тиіп, уланып қалған. Олардың арасында 2013 және 2018 жылы туған балалар бар», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем көлігінде 1962 жылы туған ер адам көз жұмған, деп жазады sputniknews.kz. Төтенше оқиғадан зардап шеккен қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, тұрғындардың иіс газынан уланып қалуының басты себебі - мұржаның күлге толып, бітеліп қалуы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде