Бұрынғы ұлттық экономика министрі Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды
Президент Тимур Сүлейменовті жаңа қызметке тағайындады.
15:56 02.03.2019
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған.
2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша магистрілік білім алған.
2009-2010 жылдары - Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
2010-2012 жылдары - Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі;
2012 жылдың 1 ақпанынан 2016 жылдың 28 желтоқсанына дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі.
2016-2019 жылдары - Қазақстанның ұлттық экономика министрі;
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!