Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингкте төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Кездесу Кардифф қаласындағы Vale Sports Arena-да өтті.
16:17 02.03.2019
Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов кәсіби мансабындағы төртінші кездесуде жеңіске жетті. Кездесу Кардифф қаласындағы Vale Sports Arena-да өтті, ал оның қарсыласы ұлыбритиялық боксшы Крис Адавей болды. Нәтижесінде Әжбенов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл қазақстандық боксшы үшін кәсіби мансабындағы алғашқы алты раундтық жекпе-жек болды.
24 жастағы Әжбенов төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті, олардың біреуі мерзімінен бұрын аяқтады. 25 жастағы ұлыбританиялық боксшы мансабында 51-ші рет жеңіліс тапты. Сондай-ақ, оның есебінде сегіз жеңіс, тағы төрт жекпе-жек тең аяқталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!