Қазақстандық балуандар Болгариядағы турнирде 3 қола жүлде жеңіп алды
Болгарияда күрес түрлерінен «Дан Колов-Никола Петров» халықаралық турнирінің соңғы жарыс күні өтуде.
10:32 04.03.2019
Қазақстан қоржыны кезекті қола жүлдемен толықты. Әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Эльмира Сыздықова қола жүлдегер атанды. Кіші финалда ол норвегиялық қарсыласынан басым түсті. Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақтағы Мейіржан Шермахамбет пен 77 келідегі Темірлан Шадукаев та турнирдің қола жүлдегерлері қатарында. Мейіржан ресейлік Алексей Киянкинді 7:1, Темірлан қырғыз балуаны Қайратбек Туголбаевты 6:5 есебімен жеңді.
Бұған дейін еркін күрестен Нұрислам Санаев турнир жеңімпазы атанса, грек-рим күресінің өкілі Қорлан Жақаншв күміс, Хусейн Мульцогов пен Аманғали Бекболатов қола жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер күресінен Мария Седнева күміс, Жұлдыз Ешімова қола медаль иегері атанды.
Дереккөз: Olympic.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!