Павлодардағы зауытта бір жұмысшы қаза тапты
Павлодардағы өндіріс орнында бір жұмысшы қаза тапқан.
10:56 04.03.2019
Бұл туралы қазақстандық басылымдар хабарлады. Облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, оқиға 3 наурызда Қазақстан электролиз зауытының аумағында болған.
Алдын ала болжам бойынша, 1986 жылғы азамат жұмыс кезінде арба астына түсіп қаза тапқан. 33 жастағы ер азамат кәсіпорында алтыншы санатты электрик болып еңбек еткен. Қазіргі уақытат еңбек инспекторларынан құралған топ оқиға орнында тиісті жұмыстарды бастап кетті.
«Алдын ала болжам бойынша маманның үстіне құрал-жабдық арбасы құлаған. Оқыс оқиғаның нақты себебін алдағы 10 жұмыс күні ішінде анықтаймыз. Жалпы, бұл өндіріс ошағында адам өлімімен ақяталған жағдайлар соңғы рет 10 жыл бұрын тіркелген», - дейді Асқар Қапанов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!