Белгісіз біреу тікелей эфир кезінде тележүргізушіге шабуыл жасады
Таиландтық тележүргізуші Тананя Пипитваничакарн тікелей эфир кезінде шабуылдың құрбаны болды.
11:49 04.03.2019
Белгісіз біреу студияға басып кіріп, оның мойнына бұрағыш тақап қорқытты. Пипитваничакарн телелотереяның нәтижесін хабарлауға дайындалып жатқанда белгісіз біреу оны бассалып, мойнына бұрағыш тақаған. Жүргізушінің әріптестері шұғыл түрде көмекке келіп, шабуылдаған әйелді ұстап алды. Оқиға салдарынан журналист зардап шеккен жоқ. Ол тек қорқып қалған және кішігірім жарақат алыпты.
Полиция шабуылдаған әйелді тұтқындады. 35 жастағы Прапан полиция бөліміне бара жатқанда қарсылық танытқан. Әйел қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол тергеушілерге жауап беріп, кінәсін мойындады.
Прапанның сөзінше, ол осы әрекеті арқылы құқық қорғаушылардың назарын өз отбасына аударғысы келген. Бұған дейін оның анасы есірткіні сақтағаны үшін заңсыз тұтқындалыпты. Сондықтан ол анасына ақтап алмақ болған.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!