Жойқын торнадодан 22 адам қайтыс болды
АҚШ-та Алабама штатында торнадо салдарынан қаза тапқандар саны артып келеді.
12:57 04.03.2019
Американың Алабама штатында торнадо болып, 22 адам көз жұмды. Тағы бірнеше адам әлі табылмағандықтан алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. Табиғи апат Ли 3 марта аймағында болған. Бұл туралы шериф Джей Джонс айтып берді.
"Біз бүгінгі күні қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Бұл аймақ өте қауіпті.Торнадо аудандағы үйлер мен ғимараттарға қатты зақым келтірді", - деді шериф Джонс телеарнаға берген сұхбатында.
Шығыс Алабаманың ауруханасына 40-тан астам адам түрлі жарақатпен келіп түскен. Алайда бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін екендігін айтады жергілікті атқарушы органдар. Ондаған үйлер қирап, 35 мың тұрғын жарықсыз қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!