Қостанайда тұрғын үй өртеніп, зейнеткер көз жұмды
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жеке тұрғын үй өртенді.
14:18 04.03.2019
Тілсіз жау салдарынан 1937 жылы туған әйел қайтыс болды. Оқиға 1 наурыз күні Әулиекөл ауылында болған.
«Өрт 09:38 сағатта толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1937 жылы туған әйелдің денесі табылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жалын 12 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрттің шығу және адам өлімінің себебі анықталуда. Айта кетейік, Петропавлда мейрамханадан өрт шығып 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!