Елімізде алдағы күндері қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Синоптиктер 5-7 наурыз күндерінің ауа райы болжамын жариялады.
14:44 04.03.2019
«Наурыз айының алғашқы демалыс күндері ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аумағында климаттық нормадан 7...13°С, батыс өңірлерде 1...3°С жоғары болды. Республиканың батыс және қиыр солтүстігіндегі аудандарды қоспағанда, ең жоғары ауа температурасы нөлден жоғары болды», - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Алдағы үш күнде көпшілік облыстағы ауа райының қалыптасуына бұрынғысынша ауа ағындары ықпал етеді, олар солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, боран соғуына және көктайғаққа себепші болады. Қазақстанның қалған аумағында қар аралас жаңбыр жауып, оңтүстікте негізінен жаңбыр жауады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!