{metadescription}
Алматыда жол апатын жасаған полицей жұмыстан шығарылды

Алматыда жол апатын жасаған полицей жұмыстан шығарылды

Мас күйде жол апатын жасаған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты.

«Nissan» және «Hyundai» көліктерінің жол-көлік оқиғасы 23 ақпан күні Алматының Жансүгіров көшесі бойында Алматы қалалық полиция департаменті ЖПҚ патрульдік полиция полкі қызметкерінің кінәсінен орын алған. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-тармағына (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) сәйкес кінәлі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні аталған қызметкер полицияда жұмыс істемейді. Полиция департаменті бастығының 23 ақпандағы бұрығымен ол ішкі істер органдарынан шығарылды», - деді Н.Ораз.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде