Чехияда екі пойыз соқтығысқан
Оқиға салдарынан кемінде алты адам жарақат алды.
09:35 05.03.2019
Чехияда екі пойыздың соқтығысуы кезінде алты адам жарақат алды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні Чехия теміржолының баспасөз хатшысы Питер Штяглавский мәлімдеді.
«Екі пойыз соқтығысты, олардың біреуінде жолаушылар болған», - деді Штяглавский.
Алты адам жарақат алды, олардың біреуі аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір уақытта өрт сөндірушілер мен құтқарушылар апат салдарын зерттеп жатыр. Сарапшылар комиссиясы құрылды, ол пойыздардың бір-біріне нелітен қарама-қарсы жүйткігенін анықтайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!