{metadescription}
Соңғы сәтте мойнына шарф таға салған қыз ажалдан аман қалды

Соңғы сәтте мойнына шарф таға салған қыз ажалдан аман қалды

Ағылшын қызға көшеде ер адам тап беріп, 11 рет пышақ салған.

Ұлыбритания тұрғыны соңғы сәтте мойнына шарф таға салғанының арқасында жантүршігерлік шабуылдан аман қалған.

Эссекс графтығы Саутенд-он-Си қаласында 25 жастағы Александра Вигнон қараша айында жұмысқа шығар алдында аяқ асты есіне түсіп, жаңадан сатып алған шарфын мойынына таға салады. Сауда агенті болып істейтін ол бір үйге жақындай бергенде, 24 жастағы Джеймс Томас шабуыл жасап, 11 рет пышақ салып, қашып кеткен.

Үй иелері жедел жәрдем мен полиция шақырып, зардап шеккен қызға көмектеседі. Дәрігерлердің айтуынша, Александраның мойнындағы жүн шарфтың арқасында пышақ күретамырына жетпей тоқтаған. Қызды бірден ауруханаға жатқызып, хирургтер төрт сағат ота жасап, пышақты алып тастайды.

Томас кейінірек полицейлерге өзі берілді. Ол «біреуді айызы қанғанша пышақтап тастауды» он жыл бойы армандапты. Жігіт кісіге қастандық жасағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Вигнон әлі күнге дейін ауруды басатын дәрі-дәрмек ішуге мәжбүр, жүйкесіне зақым келгендіктен, оң жақ бетін сезбейді екен. Дегенмен ол жұмысына оралып, фитнес-бикиниден жарысқа дайындалып жатыр. Денесінде қалып қойған тыртықтарды көрсетуге ұялмайды.

«Оларды жасырғым келмейді. Джеймс Томас өз өміріне балта шапты. Ал менің алға қойған мақсатым өте көп», - деп мәлімдеді ол.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде