Мексикада қылмыскерлер ондаған машинаны өртеп, жолды жауып тастады
Гуанахуато штатында билік орындарының жанар-жағармай ұрлығына қарсы операциясы қатты қарсылыққа ұшырады.
10:37 05.03.2019
Қылмыскерлер әскерилер мен полиция жасақтарының қозғалысына кедергі келтіру үшін бірнеше автомобильді өртеп, жолды бөгеген, деп хабарлады El Universal газеті өзінің сайтында. Осындай әрекет арқылы арам ойлылар күш құрылымдарын қылмыскерлер емін-еркін жүретін Санта-Роса-де-Лима ауданына барғызбауға тырысты, деп жаады ҚазАқпарат. Бұл аумақта мемлекеттік Pemex мұнайгаз компаниясының құбырынан жанар-жағармай ұрлау қылмыскерлердің басты табыс көзіне айналған.
2018 жылы Мексикада Pemex құбырларынан 12,5 мың жасырын тесік табылған. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 45 пайыз көп. Билік орындарының деректерінше, 2018 жылдың желтоқсанындағы мәліметтер бойынша Pemex компаниясына ұрланған мұнай мен жанар-жағармайдан келген шығын жылына 60 млрд песодан ($3 млрд-тан астам) асқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!