{metadescription}
Балқашта бес жасар бала анасының салған екпесінен жан сақтау бөліміне түсті

Балқашта бес жасар бала анасының салған екпесінен жан сақтау бөліміне түсті

Балқашта баланың анасы оны өз еркімен емдемекші болған.

Екпе салғаннан кейін бес жасар бала Балқаштағы аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Жедел-жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, балақайға «Ауыр деңгейдегі аллергиялық бөртпе» деген диагноз қойылыпты.

«Бала орталық ауруханаға жедел түрде жеткізілді. Оған жоғары деңгейдегі аллергия диагнозы қойылды», – деп хабарлайды Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Бүлдіршіннің анасының сөзінше, ол ұлына Цефтриаксон антибиотигін еккен екен. Салдарынан балақайдың жағдайы күрт нашарлап, тыныс алуы қиындай түскен. Зәресі қашқан келіншек тез арада жедел-жәрдем шақырған.

«Баланың анасы осындай шешімге келіп, үй жағдайында дәріні өзі еккен. Сондықтан ана-аналарға өз бетінше ем шараларын жүргізуден бас тартуға кеңес береміз. Дәрігер балаға антибиотик тағайындаған күннің өзінде, оны тек білікті медицина қызметкерлері ғана салуы тиіс. Кез келген препаратты енгізбестен бұрын, оның аллергияға деген реакциясын тексеру керек. Өз бетінше емделуге болмайды!», - деп кеңес берген мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде