{metadescription}
Оралда 23 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Оралда 23 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Қыз өмірмен қоштасқысы келетінін жазып, құрбысына хабарлама жолдаған.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, оқиға 28 ақпан күні болды. Сағат 01.18-де бұл жөнінде қыздың құрбысы хабарлаған. Қыз өмірмен қоштасқысы келетінін жазып, құрбысына хабарлама жолдаған.

Құтқарушылар оқиға орнына келіп жеткенде, үйдің есігі ішінен кілттеулі тұр екен. Пәтерге кіргенде, тұрмыстық газдың өткір иісі сезілді. Қыз еденде ес-түссіз құлап жатқан. Құтқарушы Бекжан Айтқалиев зардап шегушіні балконға алып шығып, полиция қызметкерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жансақтау шаралары нәтижесінде есін жиған қыз жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде