{metadescription}
Алаяқ СҚО тұрғынының шотындағы бар ақшасын жымқырған

Алаяқ СҚО тұрғынының шотындағы бар ақшасын жымқырған

Полицейлер екінші деңгейлі банк өкілдері, «Қазпошта», «Қазақтелеком» бөлімшелері басшылары, зергер және фармацевт қызметкерлермен, күзет агенттіктері, инкассаторлық ұйым басшыларымен кездесті.

Жергілікті полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесуде жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы сөз болды. Криминалды полиция басқармасының басшысы Петр Климов әкімшілікпен бірлесе отырып, ауылдардағы пошта байланысы бөлімшелеріндегі техникаларды нығайту, «Қазақтелеком» АҚ-ымен ақпарат алмасу жеделдігі мәселелерін  талқылауды ұсынды.

Полиция қызметкерлері банк басшылығына клиенттерге қаржылық қауіпсіздік шараларын  түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді. П.Климовтың мәлімдеуінше, өткен жылы Петропавл тұрғындары екінші деңгейлі банк арқылы ақша аудара отырып, 85 рет алаяқтарға алданған.

«Жыл басынан бері алаяқтарға банк қызметі арқылы ақшалай қаражат аудару бойынша 7 оқиға тіркелді. Солардың бірінде жәбірленуші алаяққа SMS-хабарламамен келген  төрттаңбалы құпиясөзді айтып берген. Сөйте отырып, ол онлайн-банк арқылы  өзінің  шотына кіруге рұқсат берген. Қаскүнем қайта тіркеу арқылы әйелдің шотындағы барлық қаражатты жымқырған», - дейді П.Климов.

Департамент басшысы, полиция генерал-майоры Берік Билялов компаниялардың қатысуынсыз мүлікті сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес екенін атап өтті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде