{metadescription}
Ислам Кәрімовтің үлкен қызы ұсталды

Ислам Кәрімовтің үлкен қызы ұсталды

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімовтың қызын Гүлнара Кәрімованы прокуратура қызметкерлері ұстады.

«Кешкі 19:00 шамасында прокуратура қызметкерлері Ташкенттегі үйіме баса-көктеп кірді. Олардың біреуі «басшылық» атынан анамды қорқытып, кейін бірнеше минуттардан соң басқа қызметкерлермен кіріп, анамды белгісіз бағытта алып кетті», - деді Гүлнара Кәрімованың қызы Иман Кәрімова.

Оның бостандығын шектеу жазасын жалпы режимдегі колонияға қамап, бостандығынан айыруға ауыстырды. Билік өкілдері мұны Гүлнараның бұған дейінгі сот үкімін: жазаны өтеу тәртібі мен талаптарын бұзғаны үшін жасап отыр.

2017 жылдың желтоқсанында Гүлнара Кәрімоваға 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілген. Бірақ жарты жылдан кейін оның жазасы 5 жылға бостандығын шектеу болып өзгертілді. Дегенмен Гүлнара заң өкілдерінің талаптарына: үйінен ешқайда шықпау, байланыс құралдарын пайдаланбау дегенге құлақ аспай, заңды бұзды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде