Арқалықта 12 жасар баланы ит талап тастады
Қаңғыбас ит 12 жасар баланы талап тастады.
14:07 06.03.2019
Бұл оқиға туралы Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы мәлімет берді. Оқиға Арқалық қаласына қарасты Ашутасты елдімекенінде болған.
«112 нөміріне Ашутасты ауылының 1992 жылы туған тұрғынынан хабар түсті. Айтуынша, қасқырға ұқсайтын ит 12 жасар баланы талап тастаған. Бұдан бөлек, қаңғыбас ит тағы бір ауыл тұрғынына шабуылдамақ болған. Бірақ, ол итті өлтіріп тастады» - дейді жедел жасақтың басшысы Сергей Шмидт.
Куәгерлердің сөзінше, бұл кезбе ит расымен де қасқырға ұқсайды, деп жазады ҚазАқпарат. Қазіргі уақытта жәбірленушілер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді. Тиісті сараптама жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!