Головкиннің әр соққысына 14,6 миллион теңгеден төленген
Ұлыбританияның букмекерлік кеңселерінің бірі Ladbrokes танымал боксшылар бір дәл соққысы үшін қанша табыс табатынын есептеді.
16:20 06.03.2019
Рейтингтегі тоғызыншы орынды үш жыл бұрын Лондондағы O2 Arena-да өткен Келл Бруктің Геннадий Головкинмен жекпе-жегі иеленді. Ол кезде қазақстандық боксшы орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпионы болатын. Лондонда өткен жекпе-жек GGG жеңісімен аяқталды. Бесінші раундта Брук командасы рингке орамал лақтырды.
Ladbrokes ақпараты бойынша, боксшы жекпе-жек кезінде 85 дәл соққы жасаған. Оның әр соққысы 46 433 фунт стерлингке (61 мың долларға) бағаланыпты. 133 рет дөп тигізген Головкин әр соққысы үшін 29 675 фунт стерлинг алған көрінеді (39 мың доллар).
Ladbrokes жасаған рейтингтің бірінші орнын Амир Хан иеленді, оның Сауль Альвареспен жекпе-жегіндегі әр соққысы 213 784 фунтке бағаланды. "Канело" әрбір дәл соққысы үшін 43 168 фунт табыс тапқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!