{metadescription}
Алматы облысының мектебінде 4-сынып оқушысы көз жұмды

Алматы облысының мектебінде 4-сынып оқушысы көз жұмды

Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша, баланың талма ауруы ұстаған. Өлімі қас-қағым сәтте болған.

«Үзіліс кезінде баланың ұстамасы ұстап, ол ес жимастан қайтыс болды. Денесінде зақымдану белгілері жоқ. Бала өлімінің нақты себептерін анықтау үшін медициналық сараптама белгіленді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді Кербұлақ ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Қанат Қалдыбаев.

Сондай-ақ атап өтілгендей, бала жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде