{metadescription}
Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды

Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды

Ғалымдар ұйқының ДНҚ жасушаларын қалпына келтіретінін дәлелдеді.

Израильдің Бар-Илан атындағы университетінің ғалымдары анықтағандай, ұйқы жасушалардағы ДНҚ-ны қалпына келтіріп, ағзаны қартаю мен қатерлі ісіктен сақтайды. Зерттеу барысында биологтар тірі балықтардың нейрондарын 3D суретке түсіріп, тәуліктік циклдер кезінде хромосомаларда қандай процестер жүретінін мұқият бақылаған. Белгілі болғандай, ағза ояу кезінде ДНҚ-ның зақымдануы байқалып, бұзылу деңгейі қауіпті шекке жетеді екен.

Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, ұйқы жасуша ядросының қызметіне оң әсерін тигізіп, хромосомалардың динамикасын арттырады, әр нейрондағы генетикалық материалдың қалпына келу жүйесін іске қосады. Жыртқыштардан қауіп төнетініне қарамастан, ұйқының арқасында жануарлар эволюция барысында дұрыс дамып, популяциясын сақтап қалды.

ДНҚ-ның зақымдануы қартаю мен өлімге әкеп соғатын негізгі процестердің бірі болып саналады. Алайда кей жағдайда зақымданған жасушалар өлмей, сау жасушаларды дертке шалдықдырып, қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде