Астанада ағайынды екі бала ауруханада қайтыс болды
Астанада ағалы-інілі бауырлар ауруханада қайтыс болды.
10:55 07.03.2019
Отбасындағы тұңғыш ұл 2012 жылғы бала 22 ақпанда қайтыс болса, 2014 жылғы інісі 5 наурызда қайтыс болған. Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар екі баланың емдеуге келмейтін генетикалық аурумен ауырғанын айтты.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл дерттен адамның ішкі органдарының қызметі бұзылып, иммундық жүйесі әлсірейді. Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов ағайынды екі баланың көз жұму оқиғасына түсінік берді.
«Қазіргі кезде аталған фактілер бойынша департамент мамандарының және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен №2 қалалық балалар ауруханасы мен №3 көп бейінді қалалық ауруханасында тексеріс жүргізілуде», - дейді С. Байғабылов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!