{metadescription}
Оралда автобазар өртенді

Оралда автобазар өртенді

Оралда «Алатау» автобазары өртенді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, С.Тюленин көшесі 72-мекенжайында қосалқы бөлшектер сататын «Алатауда» ангар үлгісіндегі бес контейнердің отқа оранғаны жөнінде таңғы сағат 06.18-де хабар түскен.

Өрт аумағы 280 шаршы метрді қамтыды (автобазардың жалпы аумағы - 1200 шаршы метр), «Тілсіз жау» 07.17-де оқшауланып, 08.24-те ауыздықталды. Қазіргі кезде шығу себебі анықталып жатқан өртті сөндіруге 34 қызметкер, 9 техника жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде