Елбасы Ақордада әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесті.
12:51 07.03.2019
Елбасы барша қыз-келіншектер мен Қазақстан азаматшаларын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Президент 8 наурыз мерекесін әйелдердің сұлулығы, махаббаты мен отбасылық құндылықтарын бағалайтын әрі мақтан тұтатын күн деп атады.
"Бүгін қандай әдемісіңдер бәрің! Керемет! Бүгін Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайын деп шақырдым. Қазақстанның қыз-келіншектері, аналар, апалар мына залдың ішіне сыймайды. Бүгін кешке қарай үлкен концерт болады. Сол жерде барлығыңызды тағы құттықтайтын боламыз", - деді Н.Назарбаев.
Кездесуге көпбалалы аналар, кәсіпкер әйелдер, танымал әртістер, ақын, құқық қорғаушы қыз-келіншектер қатысты.
"Ана деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!