8 наурызда астаналық әйелдерге жол ақысы тегін болады
8 наурыз күні елордалық қоғамдық көліктер әйелдерді тегін тасымалдайды.
15:53 07.03.2019
Бұл туралы «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2019 жылдың 8 наурызында Астананың қоғамдық көліктерінде қыз-келіншектер тегін жүре алады. Мұндай науқан Астанада алғаш рет өтіп отыр», - деп жазды Науат Азанбаева әлеуметтік желіде.
Осылайша, қала билігі аруларды мерекемен құттықтауды ұйғарды. Айта кетейік, Елбасы барша қыз-келіншектер мен Қазақстан азаматшаларын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!