Садриддин Ахмедов Алматыда WBC титулы үшін жұдырықтасады
Алғашқы орта салмақта WBC "жастар" чемпионы қазақстандық Садриддин Ахмедов Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді.
18:38 07.03.2019
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (7-0, 7КО) сегізінші жекпе-жегін Алматыда өткізетінін мәлім етті, деп хабарлайды боксшының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап. "Алматы Аренада" өтетін жекпе-жекте WBC Asia белбеуі сарапқа саныады, қарсылас әзірге белгісіз.
«Ассалаумағалейкум барша қазақ бокс жанкүйерлері! Сіздермен өзімнің жақсы жаңалығымды бөліскім келіп отыр. Алла қаласа 24 наурызда қазақ елінде, яғни Алматы төрінде өзімнің 8-ші жекпе-жегімді өткіземін. Барлығыңызды нағыз қазақ боксын көруге шақырамын және сіздермен нағыз үлкен шоуды бөліскім келеді. Қазірге бар жаңылықтарымыз осы, дайындық жақсы деңгейде өтіп жатыр. Келіп колдау көрсетіп, барлық қазақ боксшыларына жанкүйер болғандарыңызды қалаймыз. Жекпе-жек «Алматы Аренада» өтеді, бұл кездесуде ересектер арасындағы WBC Asia белбеуі сарапқа салынатын болады», - деп жазды боксшы.
Еске сала кетейік, 26 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында өткен алдыңғы жекпе-жегінде Садриддин мексикалық Абрахам Хуаресті (13-2, 5КО) төртінші раундта нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақта жастар арасындағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!