Ешқашан жыныстық қатынасқа түспеген әйел бала тапты
Үндістанның Ахмеднагар қаласының тұрғыны сирек кездесетін дертінің салдарынан ешқашан жыныстық қатынасқа түспеген.
01:18 08.03.2019
Алайда ол дені сау қыз баланы өмірге әкелді. Ревати Бордавекар өзінің денсаулығындағы қиындығы туралы 22 жасында білгенін айтады. Ол сол кезде алғаш рет тампон қолданып көріп, оны қынабы тарылып, қолы дірілдегендіктен пайдалана алмапты. Алайда ол бұл туралы ешкімге тіс жармаған. Тіпті, дәрігерге де қаралмаған екен.
Арада біраз уақыт өткеннен кейін Бордавекар бойындағы белгілерді интернеттен тауып, өзінің «вагинизм» дертіне шалдыққанын түсінеді. Организмдегі мұндай ақау кезінде әйелдің қасаға-құйымшақ бұлшық еттері тарылып, қынапқа ештеңені кіргізбейді.
Бордавекар 2013 жылы интернет арқылы болашақ күйеуімен танысады. Олар бір жылдан кейін шаңырақ көтерген. Әйел осыдан кейін ғана күйеуіне бар шындықты айтып, жыныстық қатынасқа түсе алмайтынын мойындапты.
Ерлі-зайыпты мәселенің шешімін табу үшін түрлі әдістерді байқап көрген. Алайда бәрі нәтижесіз болыпты. Нәтижесінде ерлі-зайыпты экстракорпоральді ұрықтандыру әдісі арқылы сәбилі болуды ұйғарады.
Бордавекар дертіне қарамастан кесір тілігін жасатпай, өздігінен босануға бел буған. Ақпан айында ол қыз баланы дүниеге әкелді. Әйел босану кезінде дертінің жеңілдегенін байқаған. Ендігі ол төсек қатынасына түсе аламын деп үміттенеді.
Дереккөз:Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!