{metadescription}
The World's Best: Димаш Құдайберген бірінші орынға шықты

The World's Best: Димаш Құдайберген бірінші орынға шықты

Димаш Құдайберген бірінші орында, ал Данэлия Төлешова бесінші орында келеді.

The World's Best байқауының қазылар алқасын таңғалдырған қазақстандық әнші финалдық кезең алдындағы шоу лидерлерінің кестесін жариялады.

«The World's Best байқауының финал алдындағы нәтижелері. Біз бірінші орында тұрмыз. Мен барлық әнім мен жеңісімді өзімнің қымбатты көрермендеріме және менің туған қазақ халқыма арнаймын», - деп жазды Димаш. 

Өз кезегінде, әншінің жанкүйерлері де таңғаларлық нәтиже көрсеткен Димашты құттықтап, оның жеңісіне сенім білдіретіндерін жеткізді. Ал бұл байқауда Қазақстанның атынан шыққан екінші талант иесі Данелия Тулешова да финал алдында жеңіске жету мүмкіндігіне ие болды. Алдыңғы кезеңдердің қорытындысы бойынша ол бесінші орында тұр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде