Иракта ДАИШ-ке қару жеткізетіндер ұсталды
Ирактың әскери барлаушылары елдің солтүстігінде ДИАШ (Қазақстанда тиым салынған) лаңкестік тобына басты қару жеткізушіні ұстағандарын мәлімдеді.
15:16 08.03.2019
Ирактың әскери барлаушыларының мәліметінше, ұсталған ең басты қару саудалаушысы болып табылады әрі ДАИШ-ті қарумен қамтамасыз етіп отырған. Сондай-ақ ол 2014 жылы Спайкер әуебазасында болған шайқасқа қатысқан ең қауіпті лаңкестің бірі. Ол кезде 1,7 мың кадет содырлардың құрбаны болған.
БҰҰ ақпан айының басында ДАИШ-тің бюджеті 50 ден 300 млн долларға дейін болуы мүмкін деп хабарлаған. Ирак пен Сириядағы ДАИШ қатарында 14-18 мың содыр бар, олардың 3 мыңын шетелдіктер құрайды.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!